Өзін асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Ж-ға берген өзін асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талап қоюшы Ж.  жауапкер Ж-дан 2015 жылы туылған ортақ балалары М. үш жасқа толғанша өзін асырау үшін алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот мәжілісінде тараптардан медиациялық келісім, яғни сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арыз түсіп, арызда тараптар соттан аталған медиация тәртібімен татуласуда көрсетілген шарттарды бекітуін сұрап өтініш жасаған. Тараптар жасаған келісімге сай, жауапкер Ж. талапкер Ж-ға 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың сәуір айына дейін 3 АЕК мөлшерінде алимент төлеп тұруға міндеттенеді, ал талапкер Ж. келтірген талап қою арызынан бас тартады.

       Тараптар  азаматтық істі  өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот тараптармен келген медиация келісімді бекітіп,  азаматтық істі өндірістен қысқартты. 

         Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі