Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтөбе қаласының №2 сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мұқанов, судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар қатысты.
Судья А.Адилова өз сөзінде, Қазақстан Республикасында «Гендерлік теңдік Стратегиясы» мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, мемлекет және осы саясатқа азаматтық қоғам тарабынан бақылау жүргізу құралы, демократияны қалыптастырдың  маңызды факторы болып табылатынын, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асыру еркектер мен әйелдердің олардың өмірдегі жыныстық теңдік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызатынын» атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.
Қорытындылай келе,  сот төрағасының міндетін атқарушы  дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі