Ақтөбе қаласының №2 сотында сот ғимаратына өткізу режимі бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарға  кеңсе  меңгерушісі А.Таргенова,  Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Е.Мұқанов,  сот қызметкерлері және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Аталған шараны кеңсе меңгерушісі А.Таргенова аша келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бұйрық енгізілгенін атап өтті. Қағида соттардың ғимаратына келушілер үшін, сот отырысына қатысу үшін келген және өзге де тұлғалар үшін, сондай-ақ республика аумағындағы кез келген ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін реттейді.

Сонымен қатар, бұл қағида да сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлік түсінігін атап өту керек, бұл бөлікке күту залдары, сот отырысы залдары, фронт-офис және кіріс, шығыс құжаттарды беру алу бөлмелері, сот ғимаратының бұл бөлігіне сот процесіне қатысушылар есептеу техникаларын, мобильді құрылғылар, флэш-карталар, бейне-бақылау камераларын және интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар сымсыз құралдарын енгізуге рұқсат етілгенін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар аталған ережемен белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыру бойынша сұрақтарды, сондай-ақ өткізу және объектішілік режимнің талаптарын орындау бойынша сұрақтарды талқылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі