Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маманы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Айдана Рахметова «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирде «Адам және Заң» бағдарламасында «Сот процестерінің дыбыс-бейне жазба жүйесі» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарламаның барысында бас маман дыбыс-бейне жазбаны қолдану сұрақтары Ұлт жоспарының 20-қадамында көрсетілгенін,  барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларының  қолдануы соттың ашықтығын қамтамасыз етіп, процессуалдық  кемшіліктердің болу мүмкіндігін азайтып, дыбыс-бейне жазуды тоқтату немесе жазылған материалдарды редакциялау мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 2016 жылдың аяғында барлық сот залдары жаңа дыбыс-бейне жазба құралдарымен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты, сот төрелігін сапалы іске асыруда, сот отырыстарында дыбыс-бейне жазбасы жүйесінің 100% қолданылуы және оның электрондық тасымалдағышқа сапалы көшіріліп, істе сақталуы  маңызды фактор екеніне тоқталып өтті.

Эфир соңында, сот процестері  іс жүргізу заңнамасында көзделген барлық рәсімдерді қолдана отырып өткізілуі тиіс екені аталып өтті. Бұл өз кезегінде сот жүйесінің бейнесіне және халық арасындағы беделін  арттыруда  көрініс алуы тиіс екені айтылды.

Сонымен қатар, бас маман А.Рахметова тікелей эфирде қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі