Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің  2-тармағымен  (ұрлық,бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  автобуста бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, автобуска мінген жәбірленуші Ә. пальтосының қалтасынан «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып, жәбірленуші  Ә.-ге  171 200 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Сонымен қатар, банк ғимаратының жанында жәбірленуші К.-нің  жеміс-жидек сататын сатушымен сауда жасағанын пайдаланып, соңғының күртешесінің қалтасынан  «Самсунг Галакси А5» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып,  жәбірленуші  К. 134 500 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен,  ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.                

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі