Ақтөбе қаласының №2 соты

Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маманы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

23/05/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Айдана Рахметова «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирде «Адам және Заң» бағдарламасында «Сот процестерінің дыбыс-бейне жазба жүйесі» тақырыбында сұхбат берді.

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған

21/05/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің  2-тармағымен  (ұрлық,бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  автобуста бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, автобуска мінген жәбірленуші Ә. пальтосының қалтасынан «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып, жәбірленуші  Ә.-ге  171 200 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Ақтөбе қаласының №2 сотында сот ғимаратына өткізу режимі бойынша семинар өткізілді

17/05/2018

Семинарға  кеңсе  меңгерушісі А.Таргенова,  Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Е.Мұқанов,  сот қызметкерлері және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Заңсыз есірткі затын сақтаған

14/05/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен  (заңсыз есірткі затын сақтау) азамат У. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  2017 жылғы 24 желтоқсанда 22 сағат 18 минут шамасында Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесінде У. қағазға оралған салмағы  3,80 грамм кептірілген марихуана есірткі затын күртешесінің оң жақ қалтасында өткізу  мақсатынсыз заңсыз сақтаған.                       

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра алкогольдік масаң күйде көлік басқарған

11/05/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы ) азамат К. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, 2018 жылғы 01 сәуірде 03 сағат шамасында, Ақтөбе қаласындағы Жамбыл көшесінің маңында К., көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра,  «Opel Zafira» автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маманы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

16/04/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Еділ Болатұлы Құдайберген «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Адам және Заң» бағдарламасында «Медиация Заңы» тақырыбында сұхбат берді.

«Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын зерделеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

13/04/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында сот қызметкерлерімен мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындау және Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын зерделеуге арналған семинар сабағы өткізілді.

Семинарға судья Д.Гильманова, кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.Қазбағамбетова және  сот мамандары қатысты.

Судья Д.Гильманова мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен орны туралы, мемлекеттік мекемелерде оны қолдану аясымен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Заңсыз есірткі затын сақтаған

02/04/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен  (заңсыз есірткі затын сақтау) азамат А. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  2018 жылғы 23 ақпанда 21 сағат 25 минут шамасында Ақтөбе қаласы, Ақтөбе-41 разъезд желісінде Ақтөбе-Маңғышылаққа   бағытталған  жолаушылар пойызында аз. А. қағазға оралған салмағы  3,22 грамм кептірілген марихуана есірткі затын күртешесінің оң жақ қалтасында өткізу  мақсатынсыз заңсыз сақтаған.                       

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

13/03/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Динара Мугаппаровна Гильманова «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирде «Адам және Заң» бағдарламасында «Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату» тақырыбында сұхбат берді.

Беттер