«Медиация- дауларды шешудің баламалы түрі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында «Медиация- дауларды шешудің баламалы түрі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, кеңсе мамандары, аудан прокуроры Н.Калдыгожин, прокурордың орынбасары Н.Айтен, адвокат К.Матаева, БАҚ өкілі Е.Әбдіраев, ҮЕҰ өкілдері Д.Ержан, Қ.Ниязов және А.Қонырбай қатысты.

Аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров өз баяндамасында,  медиацияның мақсаты- дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету, қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» ережесі бекітіліп, медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу енгізілгені және  медиация тәртібімен аяқталатын істердің санаттары толықтырылғаны туралы атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі