Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 11 қыркүйек күні Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіров Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ж.  2017 жылғы 25 тамызда сағат 23.55-тың шамасында, Талдысай ауылы Комсомол көшесі бойында қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей арақ ішкен мас күйінде жүріп, осы іс-әрекеттері үшін бір жылдың ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап осындай құқық бұзушылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп,  5  тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны туралы атап өтті.

Қайнар: 
Пресс служба Актюбинского областного суда