«Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Ақтөбе техникалық колледж студенттерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Б.Ормаханов колледж студенттеріне «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Лекциялық сабаққа 1-2-ші курс студенттері мен колледж мұғалімдері қатысты.

Н.Б.Ормаханов өткізіліп отырған іс-шараның өзектілігін атап өтті, өйткені кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі өте маңызды.

Сондай-ақ, сот төрағасы студенттерге қай жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын, кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі баптарының ережелерін және олардың әкімшілік жауапкершілігі туралы толық түсіндірді.

Іс –шараның соңында, Н.Б.Ормаханов кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу күшейтілетінін, заңды бұзған жасөспірімдерді анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде және жалпы дем алу орындарында рейдтер жүргізіліп жатқанын ескертті.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі