Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен дәріс сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық №2 орта мектебінде 9,10,11 сынып оқушылар және мұғалімдер арасында Ақтөбе облысының Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының судьясы К.Муратов «Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамалар» тақырыбында дәріс сабағын өткізілді.

К.Муратов өз сөзінде, қылмыстық қол сұғушылықтан баланың құқықтарын қорғау туралы заңнама жөнінде, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындардың ең төменгі және ең жоғарғы жасы туралы, процесс барысындағы құқықтық көмек: қорғаудың, ата-аналардың және заңды өкілдердің, педагогтар мен психологтардың рөлі жөнінде, сондай-ақ,  кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүйесіндегі ықпал ету шаралары мен жазалары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігі саласындағы заңнаманы реформалауға, балаларды зорлық пен қатігездік танытудың кез-келген түрінен қорғауға басты назар аударылып отырғанын атап өтті.

Дәріс соңында мектеп оқушылары мен мұғалімдер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға,  К.Муратов тиісті жауаптар берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі