Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қолданумен байланысты даулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты соты судьялары бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және халыққа ақпарат беру мақсатында апта сайын «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында осы сотпен қаралатын даулардың аясында жүргізушінің сұрақтарына жауап береді.

Ағымдағы апта бұл үрдісті судья Шарипова Мария Қуанышқызы жалғастырды. Судья Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қолданумен байланысты даулар жөнінде ақпарат берді.

Тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылатын аталмыш заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу туралы шешімді кімнің қабылдайтындығы және оның қалайша өтетіндігі, кімнің қатыса алатындығы, сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізімі туралы түсінік берді.

Нақты сот органдарына қатысты аталмыш санат бойынша МАЭ сотының статистикалық мәліметтерін, мемлекеттік сатып алуға байланысты дауларды қай сот қарайтындығы және  қарау тәртібі туралы ақпарат ұсынды.

Эфир соңында жүргізуші жауаптар бергендігі және бағдарламаға қатысқандығы үшін судьяға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі