Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Заң колледжінің студенттерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқықтық сауаттылық  күндерін жүргізу шеңберінде сот төрағасы Ермек Кенжетайұлы Қанапиев    сот ғимаратында «Ақтөбе қаласы Қазақ гуманитарлық Заң колледжінің» 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында  Е.К.Қанапиев  Ұлт жоспары аясында сот жүйесін реформалаудың негізгі шараларымен таныстырып, құқық үстемдігі мен сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңа нормаларына ерекше назар аударды.

Бұл заңдарда бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу нақтыланып, іс жүргізу рәсімдерін оңтайландыру көзделген және іске қатысушы тұлғаларды татуластырдың баламалы тәсілдерін кеңінен қолдану қарастырылғанын деді.

Сонымен қатар, судьялыққа кандидаттарды іріктеу жүйесінің жетілдірілгені, қызмет етіп жатқан судьяларға қойылатын талаптың күшейтілгені және Сот төрелігі академиясы мен Сот жюриі, Жоғары Сот кеңесінің жұмыстары туралы айтып, судьялардың VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексінің негізгі тұстарына тоқталды.

Сот судьялары А.Жүсіпов, М.Шарипова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі тұжырымдарына тоқталды. Олар ондағы қоғамдық сананы  дамытудың өзекті  мәселелері  қозғалғанын, саяси және экономикалық жаңғырту, әлемнің  дамыған отыз мемлекеттің  қатарына  кіру негіз болып табылатынны бағдарланғанын атап өтті.

Тыңдаушылар назарына «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильмі және сот төрелігін жүзеге асыру бойынша ақпаратымен слайдтар  көрсетілді.

Болашақ заңгерлерге экономикалық сотының ғимаратында экскурсия жүргізу барысында «Төрелік» АЖ-мен, сот отырысы залындағы үн-бейне жазбасын жүргізу  жүйесімен, сот отырысы хатшысының, кеңсе мамандарының жұмысы таныстырылып өтті.

Сот жұмысына қызығушылықтарын таныта білген жастар туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Кездесу соңында колледж мұғалімі Рима Гарифолловна сот төрағасы мен судьяларын қажетті де  маңызды ақпарта бергені үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі