«Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың төрағасы А.А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс бойынша азамат Р., 2017 жылдың 06 наурыз күні  сағат 17.45-тың шамасында, маркасы «Volkswagen Vento» автокөлігін Қарабұтақ-Қостанай жолында басқарып, сол жолдың 60 шақырымында, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің 8.1 тармағын бұзып, жүргізуші С., басқарып келе жатқан маркасы «GELLY JL 7152U1 MK» автокөлікке соғып, көлік құралдарына бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтірген.

Азамат Р-ты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартып, 9 айға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны туралы судья атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі