Үйге кіргізу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-ға үйге кіргізу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз  талап арыз талаптарын ата-анасы қайтыс болғаннан кейін өзінің үйдің ¼ бөлігіне мұрагерлік құқығына енгендігімен уәждеді. Қазіргі кезге дейін берілген үйде мұрагерлік бойынша ¾ үлеске ие жауапкер тұрды. Тараптар талап қоюшыға тиесілі мұрагерлік үлес бойынша ортақ шешімге келмегендіктен, талап қоюшы соттан берілген үйдің өзіне тиесілі бөлігіне кіргізуді сұрады.

Азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша жауапкер Т. талапкер Б.-ға сатып алу-сату шартын жасай отырып, дау туғызған жылжымайтын мүлік бойынша 1 650 000 теңгені төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы Б., өз кезегінде, берілген шарттармен келіседі, талап қою арызының талаптарынан бас тартады, жоғарыда көрсетілген соманы қабылдауға келіседі, берілген мүліктің сатып алу-сату шартын жасауға міндеттенеді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі