Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде сотталушы азамат И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралу сатысында.

Аталмыш іс бойынша 2017 жылы 02 қазанға тағайындалған сот мәжілісіне,  іс бойынша куә «К» сотқа алкогольдік масаң күйде келген.

Аталған жайт бойынша сот приставымен куә «К»-ге  сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны және құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Ақтөбе қалалық әкімішілік сотының 06.10.2017 жылғы қаулысымен куә «К» ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен айыпталып, 1 тәулік мерзімге қамауға алу  түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар