Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілік

10/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде сотталушы азамат И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралу сатысында.

Аталмыш іс бойынша 2017 жылы 02 қазанға тағайындалған сот мәжілісіне,  іс бойынша куә «К» сотқа алкогольдік масаң күйде келген.

Аталған жайт бойынша сот приставымен куә «К»-ге  сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны және құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.