Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты   Қазақстан Речпубликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабымен Ақтөбе облысында туылған, 24 жастағы азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау).

Істің мәні бойынша, Қобда аудандық сотының сот бұйрығымен  борышкер Қ.-дан кәмелетке толмаған қыз баланы асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге де кірісінің 1/4 бөлігінен алимент өндірілген. Алайда құқықбұзушы Қ. көрсетілген сот бұйрығының талабын орындамаған. 04.10.2017 жылғы жеке сот орындаушының қаулысына және атқарушылық құжатына сәйкес алимент бойынша берешегі 914 944 теңге.       

Сөйтіп құқықбұзушы Қ. өзінің іс әрекеттерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабында көрсетілген әкімшілік заң талаптарын бұзған, яғни сот актісімен және атқарушылық құжатының талабын қасақана орындамаған.

Сот азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік істі ҚР ӘҚБтК-нің  669-бабымен кінәлі деп танып, 2 (екі) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаға тартты.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі