Сот ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жекеше айыптаушы Д. сотқа жекеше айыптау тәртібімен шағым жазып, ол бойынша Шалқар ауданы, Бегімбет ауылында Ж.-нің басқаруындағы УАЗ маркалы автокөлігімен ауыл шетіндегі темір жол вокзалына бара жатқанда Т.-мен екеуі сөзге келіп айқайласып қалғанда, Т.-нің оған  күш қолданып қолымен бет тұсынан ұрып-соғып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген деген негізбен Т.-ні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) жеке түрде айыптаған.    

Сотта сотталушы Т. кінәсін мойындамай, жауабында автокөлік ішінде жәбірленушімен және тағы бір жолаушы  Б. үшеуі болғандарын, ал жүргізуші  Ж. мен тағы бір жолаушы Қ. автокөліктің алдыңғы жағында болғандарын,   содан ол Д.-мен сөзге келгендерін, бірақ оған ешқандай қол жұмсамағанын, ол жала жауып отырғанын, жәбірленуші осылай әркімге қатысты арыз жазып ақша талап ететінін естігенін, ол сондықтан осылай шағым беріп отыр деп есептейтінін көрсетті.

Сот сотталушы мен куәлардың сот отырысындағы жауаптары мен істегі басқа дәлелдемелерді зерттеп, сотталушының әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  108-бабында көрсетілген қылмыстық теріс қылықтың құрамы жоқ деген тұжырымға келді.

Соттың үкімімен азамат Т.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен әрекетінде қылмыстық теріс қылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

Т.-ның қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды.

Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша 4 990 теңге процестік шығын мемлекет есебіне қабылданды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі