Шалқар аудандық соты ардагермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  Шалқар  аудандық сотының ұжымы Шалқар қаласының тұрғыны,  тыл ардагері 01.04.1923 жылы түған Нурия Мендигалиевна Темиргалиеваның үйіне барып ардагерді мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев  Ұлы Отан Соғысы мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету бұл  болашақ ұрпақты патриот болуға және ерлік жасауға тәрбиелеу болып табылады деп көрсетті.

Өз кезегінде Н.М.Темиргалиева сот ұжымына құттықтап келгендері үшін ризашылығын білдіріп, естеліктерімен бөлісті, сонымен қатар Қазақстан халқының бірлігі күні бұл еліміздің ұлы мерекелерінің бірі екенін атап өтті. 

Кездесу аяғында, сот ұжымы тыл ардагеріне сыйлықтар табыс етті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі