Өзбекстан азаматы жұмысқа орналасуға рұқсат алмастан, жұмыс жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сай, Өзбекстан Республикасының азаматы М., жұмысқа орналасу үшін тиісті рұқсат алмай, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында орналасқан «Донер» кафесінде аспазшы болып еңбек қызметін жүзеге асырған. Сөйтіп азамат М., 08.02.2014 жылғы ІІМ №76 бұйрығының 11 т., талаптарын және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен көзделген көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы М-ты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танып, ол 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі