Оқушылардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында Бадамша орта №1, №2 орта мектептерінің оқушыларына арналған ашық есік күні өткізілді. Аталған іс – шараға 37 жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Ашық есік күні барысында жоғарғы сынып оқушылары әкімшілік және қылмыстық іс бойынша ашық сот отырыстарына қатысты. Содан соң сот төрағасы Н.О.Аманкулова мен судья А.К.Шарипбаев оқушылардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді.

Оқушылармен әңгімелесу барысында сот төрағасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар және ол үшін тағайындалатын жауапкершіліктер туралы түсіндіріп кетті.

Өз кезегінде білім беру бөлімінің басшылығы сот төрағасына жасөспірімдерге сот процесіне қатысуға мүмкіндік бергені үшін, балаларға құқықтық тәрбие беруге үлесін қосқаны үшін және болашақ мамандық таңдауға ықпал еткені үшін алғысын білдірді

 

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі