Мұғалжар аудандық сотында оқушыларға экскурсия өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотымен «Сот жүйесінің жетістіктері» атты тақырыпта Қандыағаш қаласының №3 орта мектебі оқушыларымен кездесу өтті.

Судья Ж.М.Сейтжапаров өз сөзінде, сот жүйесіне  кәсіби деңгейлі мамандарды даярлау сот саласындағы біліктілікке, жоғарғы стандарттарға жетуге, әдепке, кәсібилікке, сот саласының тәуелсіздігі мен ашықтығына және  құқықтық  реформаның көптеген сұрақтарының шешілуіне ықтимал болатындығын айтты.

Сондай ақ, сот ісін жүргізудегі иновациялық технологиялардың қызметіне нақтылы тоқтап өтті. «Барлық сот процестерінде дыбыс-бейне жазба қондырғысын енгізу заң үстемдігін қамтамасыз етудегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының тармақтарының бірі болып табылады.  Оған қоса, сот процестерінде дыбыс-бейне жазба қондырғысын қолдану және жазылған бейне материалдарды көру сот процесінің мәдениеті мен процеске қатысушылардың тарапынан сотқа деген сенімділік деңгейін арттыратын болады. Яғни, судьямен қатар, сот процесіне қатысуының да тәртібін қадағалайды. Сот процестерінің ДБЖ - заң үстемдігін қамтамасыз етуге негізделген сот төрелігінің уақыт талабына  жауап бере алатындығының көрнекі нәтижесі. Қазіргі уақытта  20-қадамды жүзеге асыруда - барлық сот мәжіліс залдары 100%-ға дыбыс-бейне жазба құрылғысымен  жабдықталды» -деді  судья Ж.М.Сейтжапаров.

Кенсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова   сот ғимараты мен атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» ең негізгі сервистердің бірі екендігін атап өтті. «Сот кабинеті» іске қосылғаннан бері, оны қолданушылар сервистің тиімділігі мен оңтайлылығын бағалауда. «Сот кабинетін» пайдаланудың қағаз құжатайналымнан артықшылығы талап арызды, сот хаттамасын сұрату туралы өтініштерді электронды түрде жедел тапсыру  мүмкіндіктері, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы электронды бақылау өндірісіне қол жетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданушының кез-келген жерден интернет ресурс арқылы мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеу мүмкіншілігі болып табылады.

Шара барысында, олар татуластыру рәсімдері кабинетін, сот мәжіліс залдарын және айдауыл бөлмесін, заттай дәлелдемелер сақталатын бөлмені және басқа да кабинеттерді  аралады.

Шара соңында экскурсия қатысушылары өз тараптарынан ұйымдастырушыларға  қызықты шара өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі