Қылмыстық іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрлық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған С.-ке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалы бойынша, 2017 жылы 15 шілдеде кәмелетке толмаған С., тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру ниетімен, пайдакүнемдік мақсатта, жәбірленушіның денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, жәбірленуші  Ж.-ның иелігіндегі  «LG-K130E» маркалы ұялы телефонын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған сотталушы С. жәбірленуші Ж-ға жалпы 40 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші мен кәмелетке толмаған сотталушы және оның заңды өкілі өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот, кәмелетке толмаған сотталушы С.-тың алғаш рет ауыр қылмыс жасауын, бұрын сотталмағанын, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, іс-әрекеттеріне шын ниетпен өкініп, сот алдында кешірім сұрағанын, әрі сотталушы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды қалпына келтіргенін ескеріп, сотталушы С.-ке қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып,  сотталушы С.-ты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі