Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында Т. мен М. арасындағы некені бұзу туралы азаматтық іс, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жоба аясында қаралды.

Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабарлама жолданған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхат түсіріп, екеуара некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімді ұсынған.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі