Ата-ана арасында балаға қатысты дау медияция тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер О.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын ала сот отырысында іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиациясы өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

О. кәмелетке толмаған 2016 жылы дүниеге келген Д.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Т.-мен бірге айқындауға келіседі.

Өз кезегінде Т. баланың анасы О.-ға баласына қатысты ата-аналық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Т. талабынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен сот медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі