Анасының тыныштығын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей  2017 жылғы 29 шілдеде шамамен 20 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Әуеқалашық шағын ауданында орналасқан үйдің пәтерінде өз анасына жанжал шығарып, оның атына балағат сөздер айтқан, яғни ол өзімен жанұя қарым-қатынастағы азаматтардың тыныштығын бұзып, оларға сыйламаушылық көрсеткен, оның іс-әрекетінде қылмыстық іс-әрекетінің  белгілері болмаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 тармағында (жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, олардың тыныштығын бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi  болмаса) көрсетілген әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған.

Істі сотта қарау кезінде жәбірленуші құқық бұзушының өзінен кешірім сұрағанын айтып, соттан екеуінің татуласып, келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64 бабына сәйкес осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 220, 229 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.           

Сот қаулысына сәйкес азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс жақтардың келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Пресс служба Актюбинского областного суда