Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина студенттерге арналған көшпелі дәріс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Жоғарғы оқу орындарында сот жүйесінің жұмысы туралы іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 12 сәуірде Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина С.Бәйішев атындағы университеттің Заң факультетінің студенттерінің қатысуымен «Ұлт Жоспары: заңның үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.

Студенттермен кездесу барысында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина «Сот жүйесіне бекітілген Ұлт жоспарының қадамдары» тақырыбандағы баяндамасымен бөлісті.

Кездесудің қорытынды бөлімінде студенттер өз пікірлерін ортаға салып, оларды қызу талқылап, мемлекеттік қызмет пен сот жүйесінің жұмысына қатысты қойылған сұрақтарына қызықты әрі толыққанды жауаптар алды

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі