Ақтөбе қалалық сотында еңбек дауы бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы В.-ның жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-дан еңбекақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, талап қоюшы В. жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-да 2015 жылғы сәуір айынан 2016 жылғы наурыз айына дейін қызмет атқарған. Алайда, 11 ай бойы еңбекақысы төленбеген.

Талап қоюшы өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында соттан жауапкерден 2 750 000 теңге көлемінде еңбекақы мен 2 000 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіруді сұрады.

Сот отырысында тараптар дауды бітімгершілік келісіммен шешуге арызданып, бітімгершілік келісім шарттары бойынша жауапкер «А. Ж. І» ЖШС талап қоюшы  В. пайдасына 2017 жылғы 15 мамырға дейін 900 000 теңге еңбекақы бойынша қарыз ақшаны төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы, өз кезегінде, талап арыздан толық көлемде бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі