Ақтөбе қалалық сотында дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында  талап қоюшы К.-ның  жауапкер  «Т.» сауда үйі, жеке кәсіпкер С.-тан ақшалай қаражатты өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талап арыз талаптарын «Т.» сауда үйі, жеке кәсіпкер С.-тан жылытқыш құралын  сатып алғандығымен уәждеді. Алайда, аталмыш құрал қондырған күннен бастап екі ай ішінде істен шықты. Талап қоюшы жауапкерге жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе құралды ауыстыру туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, жауапкер белгілі бір іс-әрекет жасаудан бас тартқан. Талап қоюшы өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында соттан жауапкерден жылытқыш құралының құны 203 496 теңгені өндіруді сұрады.

Ақтөбе қалалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында дау сот медиациясы тәртібімен реттеліп, оның шарттары бойынша:  жауапкер жеке кәсіпкер С. талап арызды толық мойындап, құрылғының 55 000 теңгені құрайтын «жылытқыш құралын» басқа жылытқыш құралына ауыстыруға және оны қондыруға міндеттенеді.  Талап қоюшы К. берілген құрал қондырылғаннан кейін жауапкерге 20 000 теңге төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы К. талап арыздан бас тартады. Талап қоюшы К.-ға төленген 2 035 теңге көлемінде мемлекеттік баж қайтарылады.

Ұйғарым заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі