4 айында сотпен атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 11 мамыр айында Әйтеке би аудандық сотында 2017 жылдың 4 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен өткізді.

Баспасөз мәслихатының барысында аудандық соттың төрағасы А.А.Әбдіров 2017 жылғы 4-айындағы жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасын оқып, келесі статистикалық мәліметтерді көрсетті: қылмыстық істер бойынша: есептік кезеңде аудандық сотта 21 адамға қатысты 21 қылмыстық істер аудио-бейне жазба пайдаланып қаралған. 16 адамға қатысты 16 үкім шығарылған. 5 адамға қатысты 5 қылмыстық іс жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 4-не медиатор қатысқан. Аяқталмай қалған іс болған жоқ, барлығы толық аяқталды. 3 жеке қаулы шығарылған.

Азаматтық істер бойынша: 80 арыздар түскен, 17 сот бұйрығы, 50 шешім шығарылған (оның ішінде 44-ы қанағаттандырылған, қанағаттандырылудан бас тартылғаны 6; соттылығы бойынша 6 іс жолданған; қысқартылғандары – 14 (оның ішінде медиация тәртібімен – 12; тоқтата тұру бойынша 2; қабылдаудан бас тартылған – 1, барлығы 80 іс аяқталған. 36 іс үн-бейне жазба құралдары пайдаланып қаралған; сырттай қаралған іс болмаған. Азаматтық істердің қаралу мерзімдері сақталған. Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша жеке қаулы шыққан жоқ.

Әкімшілік істер бойынша мәліметтер: 114 әкімшілік іс түсіп, 114-і үн-бейне құралы арқылы қаралған; кері қайтарылғандары жоқ, 14-і қысқартылып, 26-на айыппұл, 60-на қамау, 12-не автокөлік басқару құқығынан айыру туралы жазалар қолданылған; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерінің қаралу мерзімдері сақталған; апелляциялық шағым немесе наразылықтар түспеген; 4 жеке ұйғарым шығарылған.

Әр түрлі мәселелер бойынша сот төрағасы азаматтарға 26 рет қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер берген.

Шара барысында аудандық сот төрағасы А.Әбдіров редактор Е.Әбдіраевтың қойған сұрақтарына жауаптарын берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі