Ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне сәйкес бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

2017 жылдың 29 сәуірінде сағат 15-00 шамасында сотталушы аз.Л. қасақана, пайдакүнемдік ниетімен, бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында оны ешкім көрмегенін пайдаланып Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылы Дулатов көшесінде орналасқан жәбірленушінің ауласына кіріп, төрт темір қаңылтырды ұрлап кетті, сонымен жәбірленушіге 5 000 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Сот отырысында сотталушы кінәні мойындады және 2017 жылы 29 сәуірінде  ұрлық жасау мақсатында  Мәртөк ауылы Дулатова көшесінде орналасқан үйден  темір қаңылтыр ұрлап алып оны сатқанын айтты. Ақшаны өз пайдасына жұмсаған.

Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөліміне сәйкес кінәлі деп таныған, оған жаза ретінде 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, осы мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі