Сотты құрметтемеушілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьялары мен мамандары, сонымен қатар Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Ж.Махметовтың қатысуымен «Сотты құрметтемеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндамашы Ермек Махметов Азаматтық процестік кодексінің 9 тарауымен сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары көрсетілгендігін айтып өтті. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы кодекске сай, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) ескерту жасауға/ айыппұл салуға/ әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және мамандар осы тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасып, мысалдар келтірді, сонымен қатар қойылған сұрақтарға МӘС судьясымен тиісті жауаптар келтірілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі