Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес азамат С. 2017 жылғы 10 шілдеде шамамен 03 сағат 40 минутта, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жубановтар көшесіндегі үйдің қасында, арақ ішкен мас күйінде, істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне бару туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, оларды лас сөздермен балағаттап, қасақана қарсылық көрсеткен. Сөйтіп ол ішкі істер органының қызметкерлерінің міндеттерін атқару кезіндегі заңды талаптарына қасақана бағынбай қарсылық көрсетіп, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667 бабының 1 бөлімінде (құқық қорғау органы қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талабына бағынбау) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен азамат С. ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі