Ойыл аудандық сотында «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында  аудандық проуратура өкілі А.Өмірсеріков, «Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасы» ММ өкілі Б.Майланов, «Ойыл ауданы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ өкілі С.Нугманов, «Қазақтелеком» АҚ өкілі Э.Айдынғалиқызы, «Көкжар» КМК өкілі К.Қонысбаева, «Ойыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ  қатысуымен «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Төраға С.Танимова бұйрық арқылы  іс жүргізу істі қараудың ерекше тәртібіне ие екендігін түсіндіріп, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сонымен қатар, ол сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болатындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында шақырылғандар осы тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасты. Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі