Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында сот мамандарымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Х.Кушкенбаевамен сот мамандарының қатысуымен «Төрелік» ақпараттық жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу» тақырыбында  семинар өткізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша істерді автоматты түрде бөлу қағидасының талаптары, статистикалық мәліметтердің дұрыстығы және оның сапалы толтырылуы, істерді қарау нәтижелері мен қозғалысы бойынша туындайтын бірқатар мәселелер ортаға салынып, талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы бойынша өткізілген жұмыс кеңесінің бейнетаспасымен таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі