Медиация көмегімен азаматтық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиатор – ол қорғаушы , айыптаушы , төреші , кеңесші , ақылшы емес және ақпараттың тасымалшысы емес, ол тәуелсіз, дауға қатысы жоқ, даудың тараптарымен таңдалып алынатын, оларға дауды өзара шешуге көмектесетін  жеке тұлға. Медиация - жақтардың арасында даудың (таластың)   медиатордың  араласуымен ортақ ұтымды шешімге ерікті өзара келісім арқылы  реттелетін рәсімі.

2015 жылдың 22 қаңтарында  Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер М. жауапкер Л-ға қатысты баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы арызы қаралды.

Сот отырысында талапкер М. мен  жауапкер Л.-дың медиация арқылы келісіміне орай, бір-біріне қояр талап-тілегінің жоқтығын айтып  азаматтық істі қысқартуды сұрады, сондай-ақ, «Медиация және бітімгершілік орталығы»  медиаторы С.Ш.Тулькубаеваның қатысуымен 2015жылдың  22 қаңтарында  куәландырылған медиативтік келісімді ұсынды.

Жауапкер Л. балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы істі медиациялық келісіммен қарап, істі қысқартуды сұрады.

Тараптар балаларының мүдделеріне сай аталмыш медиативтік бітімгершілік келісімге өз еріктерімен келгендіктен, сотпен бекітілуі мүмкін.

Төрағалық етуші тараптардың азаматтық істе медиация арқылы бітімге келулеріне орай, қысқарту туралы өтінімді қанағаттандырып, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі