Архив событий

16/01/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

16/01/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Төкенұлы Сұлтанов «Қазақстан-Ақтөбе» ТРК АҚ телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында «ҚР қылмыстық заңнамасындағы жаңа өзгерістер» тақырыпта сұхбат берді.

Бағдарлама аясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріндегі жаңашылдықтар, осы заңнамалардағы негізгі түсініктер жөнінде әңгіме өрбіді. Н.Т.Сұлтанов бағдарламада тергеу судьялары жөнінде, процессуалдық келісім, алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің қаралуы бойынша ҚІЖК-гі жаңашылдықтарды атап өтті.

Ақтөбе облыстық соты «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі туралы көшпелі жиналыс өткізді

16/01/2015

Бүгін Ақтөбе облыстық соты «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысына түсінік беру туралы көшпелі жиналыс өткізді.

Жиналысқа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Ақтөбе қаласындағы филиалының  орынбасарлары Е.Карастеков, С.Нугманова, Ақтөбе облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары А.Ж.Мусина, қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері, тәлімгерлер, инспекторлар қатысты.

Заңсыз табыс көрген

16/01/2015

Хромтау аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-1 бабының 1-бөлімі аз.И-қа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Нәтиже жасамаған

16/01/2015

Көлік құралдарын арақ ішкен немесе есірткімен мас күйінде жүрізу жол қозғалысына басқа да қатысушыларға қауіп төндіретіні анық.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының  4-бөлімімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот актісінің орындаудан бас тартқан

16/01/2015

Ақтөбе  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат Ч-ға қатысты  әкімшілік іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ч. Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылдың 8 қыркүйегіндегі қаулысымен көлік құралдарын жүргізу құқынан 6 айға айырылған тұлға бола тұра, 2015 жылдың 12 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы Пугачев және Озерный көшелерінің қиылысында «Мазда» маркалы көлігін басқарған, яғни ол сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартып, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.