Архив событий

22/01/2015

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін «ХҚКО-да» Ойыл филиалында түсіндіру жөнінде семинар сабағы өтті

22/01/2015

Ойыл аудандық «Халыққа қызмет көрсеті орталығында»  ҚР ЖС сайтында орналастырылған «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін түсіндіру жөнінде семинарлық кеңес өтті.

Хромтау аудандық соты «ХҚКО-да» түсіндіру жұмыстарын өткізді

22/01/2015

Хромтау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Ш.Таргеновамен Хромтау  аудандық ХҚКО-да мамандармен «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу туралы көшпелі түсіндіру жұмыстары өткізілген.

А.Ш.Таргенова көрнекті түрде  электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі туралы, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуыны көрсетілген.

Сонымен қатар  ХҚКО-ның жауапты қызметкерлері өз орындарында халыққа тиісті дәрежеде консультация беріп, техникалық көмек көрсетеді.

Шалқар аудандық соты «ХҚКО-да» семинар сабағын өткізді

22/01/2015

Шалқар аудандық соты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының  Шалқар бөлімінде Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.С.Қошаева ХҚКО-ның инспекторларына «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша көшпелі семинар сабағын жүргізді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Т.С.Қошаева «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы түсіндіріп, алдағы уақытта электрондық құжаттарды сотқа «ХҚКО» арқылы жолдауға болатынын атап көрсетті.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

22/01/2015

Хромтау аудандық сотында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Аталған шараға азаматтық істер бойынша туындаған   сұрақтармен жауапкер ретінде Жылкишева А. 16.08.1964 жылы туылған «Қарызгерлермен жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС –тың бережақты өндіру туралы  талап арызбен келеспейтін жөнінде сұрақпен сот төрағасы қабылдады. 

Шараның қорытындысы бойынша А.Жылкишева қойған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

ХҚКО-да Темір аудандық соты «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жүргізді

22/01/2015

Темір  аудандық соты ХҚКО-да бірлесе отырып, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға бас маман Д.Г.Төлен, реттеу залының басшысы Кушербаева В.С. және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Бас маман Д.Г.Төлен  «Сот кабинеті» арқылы сотқа жүгіну тәртібі мен жолдарын түсіндіре отырып, халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының сұрақтарына жауап берді. ХҚКО-ның жауапты қызметкерлері өз орындарында халыққа тиісті дәрежеде консультация беріп, техникалық көмек көрсетеді.

Ырғыз аудандық соты аудандық «ХҚКО-да» көшпелі семинар өткізді

22/01/2015

Ырғыз аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева 2014 жылдан бастап енгізілген ҚР Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы жұртшылыққа насихаттау мақсатында, оның тиімділігі жөнінде 2015 жылдың 19 қаңтарында  Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ХҚКО Ырғыз аудандық бөлімшесінің қызметкерлеріне айтып, түсіндірді.

Алға аудандық соты «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысы туралы көшпелі семинар сабағы өткізілді

22/01/2015

Ақтөбе облысы Алға аудандық соты Алға қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс – шара барысында Алға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Р.С.Ташева мен кеңсе жетекші маманы К.Хасанов «Халыққа қызмет көрсету орталығының» филиал қызметкерлеріне «Сот кабинеті» жүйесімен жұмыс жасау тәртібін түсіндіріп, кеңестер берді.

Алға аудандық сотында семинар сабағы өтті

22/01/2015

Сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу шеңберінде Алға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Р.С.Ташевамен сот мәжілісінің хатшылары арасында жаңа аудио, -бейне тіркеу (АБТ) жүйесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Сот отырысы хаттамасының сапасын арттыру мақсатында аудио, -бейне тіркеу (АБТ) жүйесі енгізілді. Қазіргі технологиялар негізінде сот процестерін электрондық хаттама түсіруге мүмкіндік беретін жүйе өз кезегінде «Сот кабинеті» арқылы сот процесіне қатысушыларға қолжетімді болып табылады.