Архив событий

23/01/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында есірткі заттарын ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша үкім жарияланды

23/01/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 259-бабы 1-1 бөлімі, 259-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталған ҚР азаматты А-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алдын ала тергеу органымен аз.А-қа оның Ақтөбе қаласында қасақана ниетпен материалдық пайда табу және баю мақсатында есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз Т. азаматтан 15 000 теңгеге 2013 жылдың 29 қарашасында 24,98 грамм  мөлшерінде және 2013 жылдың 8 желтоқсанда 14.17 грамм мөлшерінде заңсыз сатып алғаны үшін айып тағылған. Сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес аталмыш зат есірткі құралы кептірілген марихуана болып табылды.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Облыстың үздік соты» атанды

23/01/2015

Ақтөбе өңірінің он төрт аудандық сот ішінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік аудандық соты» атағына ие болу атағына жоғары көрсеткіштерімен Ақтөбе облысының кәмелекте толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты иеленіп, республикалық байқауға жолдама алған болатын.

Қарғалы аудандық сотында 2014 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

23/01/2015

Қарғалы  аудандық сотында  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары аудандық «Қарғалы» газетінің  өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Мәртөк аудандық соты 2014 жылдың жұмысын қорытындылады

23/01/2015

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі қатысуымен, 2014 жылы сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Жиынға сот төрағасы М.К.Дүйсен және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

2014 жылы Мәртөк аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Мәртөк аудандық сотында семинар сабағы өтті

23/01/2015

Мәртөк аудандық сотында сот қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік тілді ресми құжаттарда қолдану тәртібі туралы» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілген.

Семинар сабағы жұмысына кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова, кеңсе бас мамандар қатысқан. Оқу сабағында мемлекеттік тілде ресми құжаттарды дайындау кезінде әдеби тіл нормасы мен заң терминологиясының талаптарын сақтауға назар бөлініп, жиі қолданылатын сөздер бойынша мысалдар келтірілді.

Семинар сабағында барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілген.