Архив событий

13/01/2015

Әкімшілік қадағалауды бұзған

13/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында  ҚР ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігімен М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, аз.М. 2014 жылдың 2 қазанында  Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен 6 айға әкімшілік қадағалау орнатылып және оған тұрақты тұратын жерінен сағат 22-ден бастап 6-ға дейін шықпауға, ішкі істер органына хабарламай басқа жерлерге кетпеуге, әр жетінің дүйсенбі күндері қадағалаушы орган өкіліне белгіленуге міндеттері жүктелген.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында семинар өткізілді

13/01/2015

Мұғалжар аудандық №2  сотында сот мамандарының арасында «Гибридті электрондық пошта» және әкімшілік істер бойынша Талонды енгізу жөнінде пилоттық жобаларын семинарда талқылады.

Қеңсе меңгерушісінің м.а. А.Кушкенбаевамен  түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, сот мәжілісінің хатшыларымен жіберілген СМС-хабарламаның жеткізілгендігі жөнінде есебі 24 сағат ішінде түспесе, сот шақыру қағазы 7 күн бұрын ГЭП арқылы жолдануы тиіс.  Сот шақыру қағаздарын ГЭП арқылы жолдаған кезде оның толық мекен-жайын, индексін көрсету қажет.