Әкімшілік қадағалауды бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында  ҚР ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігімен М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, аз.М. 2014 жылдың 2 қазанында  Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен 6 айға әкімшілік қадағалау орнатылып және оған тұрақты тұратын жерінен сағат 22-ден бастап 6-ға дейін шықпауға, ішкі істер органына хабарламай басқа жерлерге кетпеуге, әр жетінің дүйсенбі күндері қадағалаушы орган өкіліне белгіленуге міндеттері жүктелген.

Алайда, осы міндеттеріне қарамастан 2014 жылдың қазан айының 05,07-11,16-21 күндері аралығында, қараша айының 10-18 күндері аралығында сағат 22-00-ден кейін тұрғылықты жерінен кетіп қалған, осыған орай,  2014 жылдың 3 қарашасында  Мұғалжар аудандық сот қаулысымен аз.М. ҚР ӘҚБтК-нің 366-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік жауапқа тартылып, оған ескерту жасалған, 2014 жылдың 19 қарашасында  15 тәулікке қамауға алынған.

Сот, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҚР ҚК-ның 13-бабының 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес аз.М.-ның қылмыстық әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылсын.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі