Архив событий

19/01/2015

Мәртөк аудандық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы көшпелі семинар өткізді

19/01/2015

Мәртөк аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Ж. Бекмухамбетовамен Мәртөк аудандық ХҚКО-да мамандармен «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу туралы көшпелі түсіндіру жұмыстары өткізілген. Көрнекті түрде  электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі туралы, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуыны көрсетілген.

Сонымен қатар  ХҚКО-ның жауапты қызметкерлері өз орындарында халыққа тиісті дәрежеде консультация беріп, техникалық көмек көрсетеді.

Қылмыстық теріс қылық

19/01/2015

Ойыл аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабаның 1-бөлігімен аз.С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес аз.С., Ойыл аудандық сотының 2013 жылдың  3 мамырындағы қаулысымен екі жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2015 жылдың 4 қаңтарында сағат 14.30 шамасында Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылының Шернияз көшесінде, жүргізуші ретінде Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерінің 2.7.1 тармағының талабын бұзып, “МТЗ-82” маркалы тракторды алкогольдік масаң күйде басқарған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні өткізілді

19/01/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Н.Т.Султанов, Ақтөбе қаласының №48 орта мектебінің мұғалімі И.Ә.Садық қатысты.

Мектеп мүғалімі өзінің тарих пәнінің мұғалімі екенін айтып, 2015 жылы қолданысқа енген жаңа кодекстер туралы сұрақтары түсті.

Сот төрағасы  жаңа кодекспен жаңа кодекстердің айырмашылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп нақты жауап берілді.

Кездесуді қорытындылай келе И.Ә.Садық  өзінің алғысын білдірді.

Дау бітімгершілік келісімнің жолымен шешілді

19/01/2015

Ақтөбе қалалық сотында талапкер аз.Д. жауапкер аз.Ф. заңсыз иеленген некеге дейін алынған  мүлікті қайтарып алу туралы азамтаттық іс аяқталды.

Сот отырысында тараптар 12 жыл некеде болып, ал қазіргі уақыт аралығында олар некенің күшін жойығаның анықталған. Атап кеткен себептеріне байланысты талап қоюшы некеге дейін алынған үй аспаптарымен жиһазын қайтарып беруін сұрады.

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған

19/01/2015

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігімен  азамат К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істің материалдарына сай 08.11.2014 жылы, аз.К ., Шалқар ауданы, Бозой селосында азаматтық қару болып табылатын дара ауызды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтап өзімен бірге алып жүрген.         

Сөйтіп ол, ҚР ӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Темір аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

19/01/2015

Темір аудандық сотында қолданысқа енгізілген жаңа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі негізінде баспасөз мәслихаты өтті.

Аталған іс-шараға судья А.И.Акмолдина, прокурорлар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, адвокаттар қатысты.

Баспасөз мәслихат барысында 2015 жылғы 01 қаңтардан қолданысқа енгізілген жаңа кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар туралы талқылап өз пікірлерімен алмасты.

Баспасөз-мәслихаты соңында судья А.И.Акмолдина қатысушыларға мәселені белсенді талқылаған үшін, алғысын білдірді.