Архив событий

14/01/2015

Шалқар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

14/01/2015

Шалқар аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сотта 2014 жылдың жылдық  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Жиынға сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, кеңсе меңгерушісі Т.Қошаева және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

2014 жылы Шалқар аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

2014 жылы барлығы 157 адамға 135 қылмыстық іс, 931 азаматтық іс және 843 әкімшілік іс қаралған.

Көлік жүргізу құқынан айырылды

14/01/2015

Шалқар аудандық сотында  ҚР ӘҚБТК-нің 608-бабының 1-бөлігімен аз.Ш.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әкімшілік істің хаттамасы бойынша, 2015 жылдың 6 қаңтарында  сағат 05.00-де шамасыда Шалқар қаласының тұрғыны аз.Ш. Желтоқсан көшесі бойында өзінің жеке автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарған. Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБТК-нің  608-бабының 1-бөлігімен  3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әкімшілік айыппұл салынды

14/01/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен аз.К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат К. 2015 жылдың 2 қаңтарында  шамамен сағат 04-30  Ембі қаласы Есет батыр көшесі мен Абай көшесі қиылысында орналасқан дүкен сатушысы аз.М. қоғамдық  орында балағат сөйлеп, қорлап тиісіп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген. Құқық бұзушы М.Кужабергенов кінәсін толығымен мойындаған.

Сот қаулысымен аз.К. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 есептік көрсеткіш мөлшерінде 19820 теңгеге айыппұл салынған.