Шалқар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сотта 2014 жылдың жылдық  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Жиынға сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, кеңсе меңгерушісі Т.Қошаева және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

2014 жылы Шалқар аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

2014 жылы барлығы 157 адамға 135 қылмыстық іс, 931 азаматтық іс және 843 әкімшілік іс қаралған.

Қаралған  678  тұлғаға қатысты әкімшілік  істің ішінде 5 ескерту, 315 айыппұл, 266 әкімшілік қамау, 92 арнайы жүргізу құқығынан айыру  әкімшілік жаза қолданылса, 165 адамға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған. Осы істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.

2014 жылы барлығы  7058547 теңге айыппұл салынып, оның 3335127 теңге құқық бұзушылар  өз еркімен төлеген, сот орындаушыларымен  1310264  теңге өндірілген.

Сонымен қатар, сотта   істі қарау  кезінде тараптардың медиaциялық  шарт жасауымен қысқартылуы да жақсы жолға қойылған. Медияция тәртібімен 31 қылмыстық іс және 16 азаматтық іс қысқартылған.

Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілдерінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көкейде жүрген көптеген сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ, жиында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде көзделген негізгі мәселелері  талқыланды.

Сот төрағасы Қазақстан судьяларының 6 Съезінде Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруда әлемдік деңгейде сот жүйесінің деңгейін одан әрі  алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігі атап өтілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі