Архив событий

21/01/2015

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Сот кабинеті» ақпараттық электрондық сервисінің алғашқы нәтижелері

21/01/2015

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Ақтөбе облыстық соты «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысына түсінік беру туралы көшпелі жиналыс өткізіліп, оған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Ақтөбе қаласындағы филиалының  орынбасарлары Е.Карастеков, С.Нугманова, Ақтөбе облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары А.Ж.Мусина, барлық қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері, тәлімгерлер, инспекторлар қатысқан болатын.

Шалқар аудандық соты 2014 жылдың қорытындысы бойынша үздік сот атағына ие болды

21/01/2015

2014 жылдың 12 айында жасалған аудандық және оған теңестірілген соттар  жұмыстарының  рейтингі жасалды.

Ол бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, соттың кеңсе жұмысы, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен және құқықтық оқытуға бағытталған  іс-шаралар жұмыстарына сәйкес Ақтөбе облысы  бойынша  Шалқар аудандық соты бірінші орынды иеленді.

Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

21/01/2015

Шалқар аудандық сотының оқу орталығында сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк соты Пленумының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы семинар сабақ өтті. Баяндамашы судья С.Дәріқұлова тақырып бойынша сот қызметкерлеріне кеңірек түсіндірме жасады.

Көлік басқару құқығынан айырылды

21/01/2015

Алға аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен аз. У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,   2015 жылдың  4 қаңтарында  аз.У., Алға қаласы  Есет батыр көшесінің бойында «Ваз-21070» маркалы автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жүргізген, сөйтіп жол жүру ережесінің 2.7.1-бөлігін бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен аз У. әкімшілік жаза ретінде 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Ашық есік күні өтті

21/01/2015

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ай сайын «Ашық есік күнін» өткізу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты бүгін сотта аталған шара өткізіліп, сот төрағасы мен судьялар келушілерді қабылдады.

Талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

21/01/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде ММ-сі жеке кәсіпкер «К.С.Л» мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азамттық іс қаралды. 

Талапкер уәждесі бойынша, жауапкер тиісті міндеттемелерін орындамауда.

Талапкер өкілі сот отырысында талап арызын қолдап, талап арызын қанағаттандыруды сұрады.

Жауапкер өкілі сотырысына келген жоқ.

Талапкер түсініктемесі бойынша, келісім шарт жасасу күні жауапкер қол қоюдан бас тартуына байланысты, келісім шарт Қазынашылық органында тіркелмегендігі анықталды.