Архив событий

26/01/2015

Мұғалжар аудандық сотында «ҚР Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында туындаған дауларды қараудағы сот тәжірибесі туралы» талқыға салынды

26/01/2015

Бүгін Мұғалжар аудандық сотында аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында туындаған дауларды қараудағы сот тәжірибесі» туралы «Мұғалжар» газетіне сұқбат берді.

Судья А.Е.Мусина аталған бағдарлама туралы, осы санаттағы істерді қарау тәжірибесі, тұрғын үйді күрделі жөндеу бойынша шарттардың кепілдік мерзімі, тұрғын үй көмегі қандай жағдайларда берілетіні туралы және БАҚ өкілінің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Сот мәжілісінде бітімгершілік келісімге келді

26/01/2015

Шалқар  аудандық сотында   талапкер аз.Е.–ның жауапкер  аз.Б.-дан материалдық, моральдық  және сот шығындарын  өндіруді туралы  азаматтық іс қаралды.

Іс  материалдарына  жүгінетін болсақ  талапкер  аз.Е. сотқа талап арыз жазып  жауапкер аз.Б.дан жол көлік оқиғасы салдарынан шеккен материалдық, моральдық шығындарын өндіруді сұраған.

Темір аудандық соты 2014 жылдың жұмысын қорытындылады

26/01/2015

Темір аудандық соты сот жүйесінің сенімін арттыру, ашықтығы мен жариялылығын насихаттау мақсатында «2014 жылы қаралған істер туралы қорытындылау» тақырыбында аудандық органдар басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы сотпен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша мәліметтерді көрсетіп, жаңа қылмыстық заңдардағы іс қарау ерекшеліктеріне тоқталып өз пікірін ортаға салды, қатысуышылар пікірлерімен алмасты.

Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

26/01/2015

Ақтөбе қалалық сотымен талапкер аз. Н-тің жауапкер аз. Б-тан 300 000 теңге материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, 2013 жылдың 17 желтоқсанда айында жауапкер аз. Б. көлікті жолда айдап келе жатып,  жақындап келе жатқан талап қоюшы аз. Н-тің көлігімен соғысып қалып, жол көлік оқиғасында аз. Б. кінәлі болып қалғаны анықталды. Аталған жағдайлар Ақтөбе қалалық мамандырылған әкімшілік сот қаулысымен дәлелденген және жауапкер кінәсін мойына алып, міндеттерін орындамаған. Сол себепті талап қоюшы сотқа жүгінген.