Архив событий

29/01/2015

Алқабилер сотына 5 жыл

29/01/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың  29-шы желтоқсанындағы № 910 Жарлығымен құрылды. Қазіргі таңда үлкен мәдениет пен парасат иелері, әділ, әрі турашыл билерден және кәсіпкой, сауатты мамандардан тұрарын бұл сот ұжымы  абыройлы қызмет етіп келеді.

Халық арасында «Алқабилер соты»,-деп аталып кеткен осы соттың құрылғанына бес жыл болыпты.

Мәртөк аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

29/01/2015

Мәртөк аудандық сотында «Медиация» әдісін қолдану бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел сот төрағасы М.Қ.Дүйсен, кеңсе менгерушісі Д.Бекмухамбетова, сот қызметкерлері, прокуратура өкілдері, қорғаушылар мен кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында медиация әдісін қолдану бойынша пікірталас тыңдалған. Кәсіпқой емес медиатордың құқықтары мен жауапкершілігі, медиативтік келісімді жасауы туралы, медиация әдісін халыққа насихаттау бойынша сұрақтар қойылған.

Дөңгелек үстелде барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілді.

Шын жүректен мойындаған

29/01/2015

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 101-бабының 1-бөлігіне сәйкес аз.А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мемлекеттік органның көлігін бүлдірген

29/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлімімен аз.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 2015 жылдың  10  қаңтарында, аз.М.,  алкогольдік мас күйінде Қандыағаш қаласы Интернационал көшесі,  «А» сауда үйінің жанында, «Nissan Maxima» маркалы автокөлігімен,  алда қозғалып бара жатқан «Nissan Primera» автокөлігінің артқы бөлігін түйіп, нәтижесінде, ол  автокөлік, алдында кетіп бара жатқан мемлекеттік органның УАЗ 3163-337 маркалы автокөлігін түйіп, көлік құралдарын  бүлдіріп, жол көлік оқиғасын жасаған.

Мұғалжар аудандық сотында 2014 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

29/01/2015

Мұғалжар аудандық сотында сот төрағасы С.Тасымбетовтің баспасөз мәслихаты өтті.

Аталған шараға сот төрағасы С.Тасымбетов, судьялар Ж.Сейтжапаров, А.Мусина, кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина және «Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газетінің өкілі Ж.Айтжан қатысты.

Кездесуде сот төрағасы аудандық соттың 2014 жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті, сонымен қатар тілшінің сұрақтарына жауап берді.

Өзара ашу-араздығы қоғамдық орында жария болды

29/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен азаматша К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, аз.К., 2015 жылдың 18 қаңтарында сағат 17:36 шамасында Қандыағаш қаласы  «Жастық» ықшам ауданындағы үйде орналасқан «А» дәріханасының ішінде, қоғамдық орында, көршісі азаматша Ш.-ны қорлап тиісіп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Менмендік білдірген

29/01/2015

Ақтөбе облысы Темір аудандық сотында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен азамат Н. қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Істің материалдарына сай азамат Н., Темір ауданы  мемлекеттік қызметкер бола тура 2015 жылдың 20 қаңтарында  Шұбарқұдық кентінде ҚР-ның жол қозғалысы ережесінің 2.7.1 тармағының талабын орындамай «Volkswagen Passat» маркалы автокөлік құралын мас күйінде жүргізіп қасақана әкімшілік құқық бұзғаны  анықталды.

Сот қаулысымен азамат  Н. ҚР-ның ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Заңның кері күші қолданылды

29/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабының 3-бөлімімен аз.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

29/01/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономиялық сотында «AE» АҚ-ы «ЭК» ЖШС-не 24 342 018 теңге көлемінде қарыз және  730 261 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Тараптардың өкілдерінен бітімгершілік келісімді бекіту туралы арыз түскен.

Бітімгершілік келісімнің шарттары заңға қайшы келмегендіктен және үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндіктен  сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

29/01/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Жаңа электронды қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Ембі қаласының әкімшілігінің өкілі, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, КА-168/5 мекемесінің, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 ҚАИ, Мұғалжар  аудандық №2 Әділет басқармасының, Ембі қалалық ауруханасының, нотариустардың  қатысуыларымен өтті.