Архив событий

15/01/2015

Мәртөк аудандық сотында семинар сабағы өтті

15/01/2015

Мәртөк аудандық сотында сот қызметкерлердің арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілген. Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова  және кеңсе  мамандар қатысты.

Әкімшілік қамауға алынды

15/01/2015

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБТК-нің 320 бабының 1-бөлігімен аз.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2014 жылдың  14 желтоқсанында   Шалқар қаласы Карагулин көшесінің бойында арақ ішкен мас күйінде жүрген аз.Б. Шалқар аудандық  Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлеріне ұсталып, ол әрекетінде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмай үстіндегі киген күртешесінің оң жақ қалтасынан  салмағы 0,64 гр. болатын кептірілген марихуана есірткі құралын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап жүрген.

Сот мәжілісінде татуласқан

15/01/2015

Хромтау аудандық сотында ҚР ҚК-нің 325-бабының 3-бөлімімен айыпталған аз.Е-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, аз.Е. Хромтау ауданының селосы орта мектебінде өзінің мұғалім қызметін атқарып жүріп, 2012 жылдың жаз айларының бірінде жоғары білімді диплом сатып алып пайдалану мақсатында, Алматы қаласында орналасқан «ҚҰПУ» барып, сол жерде өзіне бұрын соңды таныс емес, яғни тергеумен анықталмаған белгісіз азаматшаны кездестіріп, өзіне жоғарғы білімді диплом қажеттігін айтып, оны өз пайдасына жарату үшін сұрап кездескен.

Мас күйінде көлік құралын басқарған

15/01/2015

Байғанин аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен аз.И. қатысты әкімшілік іс қаралды.     

Әкімшілік материалдарға сәйкес, құқық бұзушы аз.И., 2015 жылдың 12 қаңтарында жергілікті уақытпен сағат 08.30-дар шамасында Байғанин ауданы Кемерши ауылына қарасты «Северная труба» кен орнының «А» ЖШС-ның су бұрғылау бригадасынан бір шақырым жерде  КАМАЗ маркалы көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп басқарып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.