Архив событий

27/01/2015

5 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен "К" коммуналдык мемлекеттік кәсіпорнының аз. К.-дан 28 897 теңге коммуналдық бережақ өндіру; талапкер Д.-ның жауапкер А.-дан бережақ өндіру 105 040 теңге; талапкер Н.-ның жауапкер А.-дан  бережақ өндіру 25 250 теңге; Ш.-ның Е.-ден 30 300 теңге және Ш.-дан 66 155 теңге бережақ өндіру туралы 5 азаматтық іс қаралды.

Дөрекі бұзақылық

27/01/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған аз.Б-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қобда аудандық сотында 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

27/01/2015

Қобда  аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Қобда» газетінің тілшісі Т.Казиевтың қатысуымен, 2014 жылы сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және  жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

2014 жылы Қобда аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Менмендіктің нәтижесі

27/01/2015

Хромтау аудандық сотында ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасы ҚК - нің 296-бабының 3-бөлігімен айыпталған аз. А-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында студенттермен кездесу өткізді

27/01/2015

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.Б.Урашева Ақтөбе қаласындағы жоғары, орта оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізді.

Қеңсе меңгерушісі еліміздің кадрлық саясаты, мемлекеттік қызмет атқарудың ерекшеліктері, мемлекеттік қызметшілерге жүктелер міндеттер туралы мағлұмат берді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өтті

27/01/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында қолданысқа енгізілген жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі  жаңашылдықтар және соттылық, соттылықтың жойылу негіздері туралы  дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұқанов, Ақтөбе облыстық сотының судьясы Г.Т.Байтурсынова, судьялар, қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлім бастығының орынбасарлары, қорғаушы қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына судья Қ.Қ.Қуандық дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндама оқыды.

Қобда аудандық соты Сот кабинеті электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі туралы түсіндіру семинар өткізді

27/01/2015

Қобда аудандық «Халыққа қызмет көрсеті орталығында»  «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін түсіндіру жөнінде семинарлық кеңес өтті.