Архив событий

30/01/2015

Азаматтық іс бітімгершілік келісімге сәйкес қысқартылды

30/01/2015

Ақтөбе қалалық сотымен талапкер аз.К-тың жауапкер аз.Д-тан келтірген 148 227 материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, 2014 жылдың 19 қазанында жауапкер аз.Д. көлікті жолда айдап кележатқанда, жақындап келе жатқан талап қоюшы аз.К-тың көлігімен соғысып қалып, жол көлік оқиғасында аз.Д. кінәлі болып қалғаны анықталды. Аталған жағдайлар Ақтөбе қалалық мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен дәлелденген, осыған себепті талап қоюшы сотқа жүгінді.

Тұрғын үй-жайға заңсыз кірген

30/01/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде  ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен сотқа берілген Н. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мас күйінде көлік басқарған

30/01/2015

Шалқар аудандық сотында  ҚР ӘҚБТК-нің 608-бабының 1-бөлігімен аз.Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс хаттамасы бойынша, 2015 жылдың 26 қаңтарында  Шалқар қаласының тұрғыны Х. Желтоқсан көшесі бойында өзінің жеке автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған.

Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Х. ҚР ӘҚБТК-нің  608-бабының 1-бөлігімен  3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ырғыз аудандық сотында баспасөз маслихаты өтті

30/01/2015

Ырғыз аудандық сотында  аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдаулетұлының  қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. 

Баспасөз маслихатында сот төрағасы А.Бисенгали соттың 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпараттар беріп, сот әділдігінің жүзеге асырылуы жайлы қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.                      

Ырғыз аудандық соты брифинг өткізді

30/01/2015

Ырғыз аудандық сотының ғимаратында «Ырғыз» аудандық газетінің тілшісі Т.Ақдаулетұлының  қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте Ырғыз аудандық сотының судьясы С.Махамбетов 2015 жылдың қаңтар айында жаңа ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізінде қаралған істер бойынша, оның ішінде көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берді.